Усть-Каменогорск, Казахстан
КГКП "Зайсанский историко-краеведческий музей" управления культуры, архивов и документации ВКО

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "Зайсанский историко-краеведческий музей" управления культуры, архивов и документации восточно-казахстанской области

Навигация

Система управления

История музея

1974 жылы берілген алғашқы музей үйі

 Зайсан аудандық өлкетану музейін құру туралы 1971 жылы 30 қыркүйек күнгі аудандық депутаттар кеңесі отырысының  №283 негізінде шешім қабылданып, 1972 жылы 5 қыркүйек күні Қазақ ССР-і министрлер кеңесінің жарлығымен Зайсан қаласында қалалық музей ашуға рұқсат етіледі. Музей ғимаратына сол кезде әскери бөлімнің офицерлері тұрғын үй үшін пайдаланып жүрген XIX ғасырдың аясында салынған архитектуралық үй таңдалып алынады. Міне сол кезден бастап жинастыру, іздестіру жұмыстары басталады. Аудан халқы арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде көптеген жәдігерлер музей қорына тегін тапсырылады, сатылып алынады. Жәдігер жинаушылар аудан халқын түгелдей аралайды. Талай жылдар пайдаланылмай, тастауға әке-бабадан қалған мұраны қимай жүрген халайық сол мұраны музей үщін беріп, өз үлестерін көрсетті. Мол дүние жиналып, төккен тер зая кетпей ашылғанға дейін 439 жәдігер жиналады. Сол жәдігерлерден алғашқы экспозиция құрылып, 1974 жылы 7-і маусым күні Зайсан қаласында, аудан халқы алдында салтанатты түрде Зайсан қалалық тарихи өлкетану музейі ашылды. Соңынан аудандық музей болып өзгертілді. Жылдар жылжып, уақыт өтіп  музей қорындағы жәдігерлер саны да арта берді. Енді сол кезде жиналған жәдігерлер санына келетін болсақ, әжеп тәуір сандардың куәсі боламыз да, сапасына келетін болсақ, сол кездегі жинаушылардың сан қуып кеткенінің де куәсі болуға тура келеді. Өлке тарихына қатысы жоқ басылымдарда шыққан мақалаларды, кітаптарды, фотоларды қор есебіне тіркеп қор есебін көбейтуге тырысқан. Қай музейге де қойылатын басты талап есеп пен сақтау жұмыстарын жолға қою болып табылады. Яғни музейдегі барлық жәдігерлерді тіркеуден өткізу, нөмірлеу, құжаттарын жасау, бұзылудан сақтау, қорғау ісін үнемі жүргізіп отыру музей қызметкерлерінің басты міндеті болып саналатын болса алғашқы қызметкерлер бұл жұмыстарды абыроймен атқарған деп есептеймін. Құжаттар музей ережелеріне сай толтырылған, дегенмен де ғимаратта арнайы қор сақтайтын орын болмағандығынан көптеген жәдігерлер, қағаз құжаттар бүлініске ұшыраған. Музей ғимаратының қаланың шет шағында елдің көзінен тасада орналасуы, 1990 жылы болған тарихта "Зайсан зілзаласы" деген атпен қалған жер сілкінісінен кейін, қабырғалары қаңырап тұрған музей үшін басқа ғимарат іздеуге себеп болды.

 

1997 жылы 17 желтоқсан айында қала ортасында орналасқан, архитектуралық ескерткіштер қатарына жататын бұрынғы саудагер П.Бобкиннің үйіне қоныс аударды. Бұл ғимарат 1891-1894 жылдары салынған.  Бұрынғы орында 108м.кв пайдалы алаң болып, 4 зал жұмыс істесе, жаңа орында 199м,кв жерде 6 зал, 1 қор сақтайтын орын, 2 әкімшілік бөлмесін, 1 жылу қазандығы бөлмесін құрылды.

1. Табиғат, жануарлар және палеонтология

2. Қазақ халқы этнографиясы

3. Ұлы Отан соғысына қатысушылар

4. Қол өнер

5. Орыс халқы (переселенецтер) этнографиясы

6. Қазіргі заман болып топтастырылды.

 

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 01.11.2005 жылғы №350 қаулысы негізінде "Зайсан тарихи өлкетану мұражайы" коммуналды мемлекеттік қазыналық мекемесі болып қайта құрылып, облыстық бюджеттен қаржыландыра бастады. 

Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта атау туралы 8.07.2016 жылғы №207 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  "Зайсан тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.